Шымкентте автокөлікке ұрлыққа түскен азамат ұсталды

0
1 173

ERNUR.KZ. Абай ПБ-нің №14 учаскелік пунктінің учаскелік инспекторы жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында екі күдікті ұсталды. Олар 35 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты.


Шымкентте автокөлікке ұрлыққа түскен азамат ұсталды

ERNUR.KZ. Шымкент қалалық Ішкі істер басқармасы, Абай аудандық полиция бөліміне жергілікті жердің тұрғыны арызданып келеді. Ол өз шағымында белгісіз тұлға көлігінің терезесін сындырып, көлік ішінен ұялы телефон мен қомақты қаржысы бар сөмкені ұрлап кеткенін көрсеткен. Аталған жайт құзырлы орган қызметкерлерімен тіркеуге алады. Абай ПБ-нің №14 учаскелік пунктінің учаскелік инспекторы жүргізген жедел іздестіру іс-шарасы барысында екі күдікті ұсталды. Олар 35 жастағы Шымкент қаласының тұрғындары болып шықты. Тағы бір айта кетерлігі, ұсталған күдіктілер ерлі-зайыптылар. Қазіргі таңда ұрлық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлерімен күдіктілердің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда. Осы ретте Шымкент қаласының тәртіп сақшылары автокөлік иелеріне көлік ішінде бағалы заттар мен ұялы телефондарын қалдырмауға кеңес береді. Мүмкіндігінше өз автокөлігіңізге дабыл жүйесін және күзетпен қамтамасыз етілген автотұраққа қойыңыз.