Шымкент қаласында полицейлер үш кісі өлімі бойынша тергеу амалдарын жүргізуде. 2018 жылдың 8 ақпанында кешкі уақытта Шымкент қ. ПБ кезекші бөліміне тұрғын үйлердің бірінен мәйіттердің табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келіп жеткен полицейлер үш адамның мәйітін анықтады, олар 50-55 жас шамасындағы әйел мен 22 және 13 жастағы екі жас баланың мәйіті болып шықты. Аталған жайт СДТБТ-не тіркелді, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалды. Қазіргі таңда ОҚО ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдікті тұлғаларды анықтау үшін барлық қажетті іс-шараларды өткізуде.