Шымкентте бір тұрғынның кесірінен 100 ден аса пәтер екі күнен бері газсыз отыр

0
1 220

Тұрғындардың айтуынша, оқиға орнына жеткен жөндеу қызметі газ құбырын орталық желіден ажыратқанда одан біраз уақыт су аққан.


Шымкентте бір тұрғынның кесірінен 100 ден аса пәтер екі күнен бері газсыз отыр

Шымкент қаласы 18 ықшамауданындағы екі бірдей көпқабатты үй екі күнен бері табиғи газсыз отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Оған себеп: сол үйдің бірінің тұрғыны пәтеріне жылытқыш қазандық орнатамын деп, жалғанатын құбырларды жаңылыстырып алған. Салдарынан табиғи газ жүретін желіге су кеткен. Соның кесірінен 100 ден аса пәтір көгілдір отырсыз қалды.

Тұрғындардың айтуынша, оқиға орнына жеткен жөндеу қызметі газ құбырын орталық желіден ажыратқанда одан біраз уақыт су аққан. Енді мамандар су газ есептегіш құралдарына жеткен болса, оны да ауыстыруға тура келеді дейді. Бірақ құралдың кімнің есебінен ауыстырылатынын айтпады. Қазандық қоям деп көршілерін көгілдір отынсыз қалдырған тұрғынға да қандай шара көрілетіні әзірге белгісіз.