Шымкентте сатушыларға жалған ақша беріп жүрген алаяқ ұсталды

0
2 895

Ұсталған күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары тергеу кезінде анықталды.


Шымкентте сатушыларға жалған ақша беріп жүрген алаяқ ұсталды

ERNUR.KZ. Шымкенттік полицейлер мейрамханалардың бірінде жалған 20 мың теңгелік 2 купюраны ұсақтап алып кеткен азамат ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Ұсталған күдіктінің осыған ұқсас қылмысқа қатысы бары тергеу кезінде анықталды. Мамыр айында алаяқ Шымкент қаласының мейрамханалардың бірінде 20 мың теңгелік жалған купюраларды осылайша ұсақтап отырған. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын 80 мың теңгені құрады.

Қазіргі таңда алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер күдіктінің басқа қылмыстарға қатысы барын тексеруде.