Шымкентте вакцинация жөніндегі жиналыс басталмай жатып бітіп қалды

0
1 978

ERNUR.KZ. Жиынға қатысуы тиіс 2-3 ата-ана журналистерді көріп, қатыспастан кетіп қалды. Олар балаларына егуден бас тартқандар. Келеді деп күткен қалалық мешіттің имамы да төбе көрсетпеді.


Шымкентте вакцинация жөніндегі жиналыс басталмай жатып бітіп қалды
ERNUR.KZ. Шымкент қаласындағы ОҚО ДСБ-ның шаруашылық жүргізу құқығындағы «Шымкент қалалық көпсалалы ауруханасының» мәжіліс залында вакцинация науқаны және оған ата-аналардың көзқарасы бойынша дөңгелек үстел өтті. Өтті деген тек аты ғана, шын мәнінде оған тек БАҚ өкілдерін ғана қатысты деуге болады. Жиналысты ШҚКА-ның бас дәрігері Рамазан Сейдахметұлы Бектұрғанов, ШҚКА-ның балалар емханасы бөлімінің меңгерушісі Роза Қадырсызқызы Нұрмаханова, Еңбекші аудандық ҚДБС маманы Лилия Викторовна Симягина, Еңбекші аудандық әкімшілігінің бас маманы Орынбасар Ардақ жүргізуі керек еді. Алайда жиынға қатысуы тиіс 2-3 ата-ана журналистерді көріп, қатыспастан кетіп қалды. Олар балаларына егуден бас тартқандар.

Келеді деп күткен қалалық мешіттің имамы да төбе көрсетпеді.

Жоғарыда аты аталғандардың ішінен тек Роза Нұрмаханованы ғана көрдік. Сондықтан тек сол кісіден сұхбат алуға тура келді:

-Бізде бала саны 6740, оның ішінде 35 баланың ата-анасы екпе егуден бас тартқан. Олардың 80 пайызы діни ұстанымда. Қалғандары вакцинаның зияндығы жөніндегі жалған ақпарат пен алып-қашпа әңгімелерге еріп бас тартып отыр. Біз бұл жөнінде жылда жұмыс жасаймыз. Вакцинадан бас тартушыпардың арасында өзіміз комиссия құрып (құрамында өзім, иммунолог, эпидимиолог, инфекционист, Еңбекші аудандық СЭС, әкімшіліктен мамандар, мешіт имамы), үй-үйді аралап, түсіндіру жұмыстарын жасаймыз. Биылғы көктемде осы жұмыстарды атқардық. Вакциналардан бас тартқандардың ішінен бір-екеуі келісіп, салдырып жатыр. Екпе кезінде біз қаншама балаларды көптеген дерт түрлерінен (дифтерия, столбняк т.б.) сақтап қаламыз. Жүйке ауруымен ауыратындар таза емделмеген жағдайда вакцинация кезінде сал ауруына ұшырауы мүмкін. Көптеген ата-аналар бізге вакцинаның құрамында аллюминий, сынап бар деп айтты. Мұның бірі өзінің белгілі бір дейгейінде ғана қосылады. Бұл элементтер біздің жеп отырған тағамдарымызда да, ауа-райында да кездеседі. Вакцина өз уақытынан кеш салынса да еш қатері болмайды. Барлық вакцина біздің елге жіберілмес бұрын тексерілуден міндетті түрде өтеді. Вакциналар жеткілікті, осыдан екі жыл бұрын А гепатитіне қарсы вакцина болмай қалғаны рас. Вакциналар Франция елінен алынады, – деді балалар емханасы бөлімінің меңгерушісі.