Шымкентті қимай кеткен көш Түркістанға жетті

0
2 576


Шымкентті қимай кеткен көш Түркістанға жетті

ERNUR.KZ. Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған аумақтық департаменттің басшылары мен қызметкерлері, облыстық басқарма басшылары мен мамандары Түркістан қаласына көшіп келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Облыс әкімдігінің қызметкерлері жаңа облыс орталығына көшіп барды.

Көштің құрамында облыс әкімінің орынбасарлары және аппарат басшысы, облыстық мәслихат хатшысы мен аппараты, облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы және аппараты, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары және қызметкерлері, облыстың зиялы қауым өкілдері, облыс ардагерлері, құзырлы орган басшылары, әкім аппараты қызметкерлері, 28 аумақтық департаменттің басшылары мен қызметкерлері, 24 облыстық басқарма басшылары мен қызметкерлері, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері сынды, жалпы саны, 1 мыңға жуық адам бар.

Сондай-ақ, 11 автобусқа жайғасқан көш құрамын Түркістан шаһарының әкімдігі күтіп алды. Салтанатты шара ақын Бекарыс Шойбековтың арнауымен ашылды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев шежірелі қаланың бұдан былай туристік әлеуеті көтеріліп, жаңа жұмыс орындары ашылатынын, Түркістан облысы мен Түркістан қаласының жаңа дәуірі басталтынын айтып өтті.

Сонымен қатар, Түркістан қалалық ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергенов жүрекжарды лебізін білдіріп, көпшілік аумақтық департамент пен облыстық басқарма орналасқан ғимараттарды аралап көрді.