​Созақтық мұғалім «Үздік волонтер» атанды

0
1 730

«Жомарт жүрек» жобасының «Үздік волонтер» номинациясы Түркістан облысы Созақ ауданының тумасы Нұрсұлу Ерұланқызына бұйырды.


​Созақтық мұғалім «Үздік волонтер» атанды

фото: facebook.com

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыруға белсене атсалысқан, демеушілік, қайырымдылық және еріктілік (волонтерлік) жобаларды іске асырған Түркістан облысы Созақ ауданының азаматтары «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Жылдың үздік ұйымы» номинациясы – «Қаратау» ЖШС-і (Бас директоры – Ерлан Лесбекұлы Ташимов) иеленді. Ал, «Туған өлке» номинациясы – Ербол Қамбарбекұлы Қарнақбаев пен Елнұр Қайратұлына бұйырса, «Жыл меценаты» номинациясын - Бағлан Қанжарбекұлы Сүгірбаев алды.

«Жомарт жүрек» жобасының «Үздік волонтер» номинациясы, ҚР-ның Қоғамдық даму министрі Д.Калетаевтан жасаған ізгі әрекеттері үшін дипломы Әбдәшім Нұрсұлуға берілді. Аталған бағдарламаға қатысып, облыста үздік көрінген Созақ ауданының тумасы, Шолаққорған ауылы, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрсұлу Ерұланқызы республикалық деңгейдің лауреаты атанды.

«Белсенді азаматтық ұстанымы, кіші отанын дамытуға қосқан үлесі, жалпыадамзаттық құндылықтардың сақталуына қосқан үлесі үшін» «Үздік волантер» аталымымен марапатталады" делінген дипломда.