«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Ордабасыда 15 шаруашылық канал тазартылды

0
651

Қауіпті жерлеріне бөгеттер қойылып, каналдар арқылы ауыл ішіне жіберілетін ағын судың тоспалары (шлюздер) жабылды.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Ордабасыда 15 шаруашылық канал тазартылды

Ордабасыда «Таза Қазақстан» акция аясында 15 шаруашылық канал тазартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында Ордабасы ауданында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Науқан аясында «Ардагерлер саябағының» маңындағы көшелерге тазалық жұмыстары, ағаш түптерін әктеу, күл-қоқыстарын жинау жұмыстары жүргізілді.


Сонымен қатар, аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы ағын су тапшылығын болдырмау, шаруалардың егін егуге бөгет жасамау мақсатында жауапты сала мамандарына механикалық тазалауға жататын ішкі шаруашылық каналдарды зерделеп, тиісті деңгейде жұмыс жүргізуді тапсырды. Бүгінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бірінші аптасында Ордабасы ауданында жалпы «ҚАЗСУШАР» РМК меншігіндегі 15 каналдың 28,3 шақырымына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.


Сондай-ақ, жоғарыдағы аталған каналдардың қауіпті жерлеріне бөгеттер қойылып, каналдар арқылы ауыл ішіне жіберілетін ағын судың тоспалары (шлюздер) жабылды.