«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сарыағашта 900 адам сенбілік жұмыстарына атсалысты

0
290

25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.


«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: Сарыағашта 900 адам сенбілік жұмыстарына атсалысты

Сарыағаш ауданында сенбілік жұмыстарына 900 адам атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2024 жылдың 8 сәуірінен елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы өтуде.


Акцияны қолдау мақсатында, сонымен қатар, 6 шілде - Астана қаласының күні мерекесіне орай, Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізілді. Тазалық жұмыстары республикалық маңызы бар А-15 жолының бойы, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарының бойы жәнк ішкі көшелерде қарқынды жүргізілді.


Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге 13 ауылдық округ пен қала, әкімдік бөлімдері мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, діни қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер, жалпы 900-ге жуық адам белсене қатысты.


Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген қарқынды тазалық акциясы барысында көшелердің бойында жинақталған, бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, қураған ағаш бұталарын кесу, талдарды ретке келтіру, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстарға 25 техника жұмылдырылып, 16 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Саябақтар және скверлер ретке келтіріліп, арық-атыздар тазаланды. Аудан аумағындағы мешіттер мен мазараттарда назардан тыс қалмады.


Тазалық акция барысында аудан әкімі тұрғындарды қоршаған ортаны таза ұстауға шақырды.


«Сіздерді «6 шілде Астана қаласының күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мемлекет басшысының бастамасымен ұйымдастырылып жатқан «Таза Қазақстан» акциясы аясында, ауданымыздың тұрғындары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында аудан аумағында сенбілік жұмыстары қарқынды түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде тазалықты сақтау күнделікті өмір салтына айналдыру қажет. Сондай-ақ, бұл жұмыс аудан орталығында ғана емес, ауыл округтерде, елді мекендерде де ұдайы ұйымдастырылуы керек. Туған жерімізді таза ұстау өзімізге байланысты, барша тұрғындарды тазалық жұмыстарына белсене тасалысуға шақырамын!», - деген Арман Абдуллаев тазалық жұмыстары жыл бойы жалғасын табатынын атап өтті.


«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.