Төлебиліктер Тұңғыш Президент күнін атап өтті

0
2 010

Мемлекеттік Әнұраннан басталған мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өнегелі өмір жолы туралы арнайы бейнеролик көрсетілді.


Төлебиліктер Тұңғыш Президент күнін атап өтті

Түркістан облысы Төлеби аудандық мәдениет үйінде 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне орай «Тұлға. Елбасы. Тарих» атты мерекелік іс-шарасы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ Төлеби ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік Әнұраннан басталған мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің өнегелі өмір жолы туралы арнайы бейнеролик көрсетілді. Салтанатты жиында аудан басшысы төлебиліктерді тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап, мемлекеттік мерекенің еліміз үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Мемлекетіміздің өркендеуі мен гүлденуі жолындағы Елбасымыздың атқарған еңбегі өлшеусіз. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен құрылған серпінді жобалар мен бағдарламалар халқымыздың өмір сүру деңгейін жақсартып, мемлекетіміздің дамуын жаңа сапаға көтеруге мүмкіндіктер жасалуда. Еліміздің бүгінге шамшырағы жарқырап, әлемге әйгілі болуы, тәуелсіз еліміздің өсіп-өркендеуі, халықтың әл-ауқатының көтерілуі Ұлт көшбасшысының салиқалы да, сарабдал саясатының нәтижесінде жүзеге асуда», - деп өз құттықтауын жеткізді.

Аудан әкімі Бауыржан Омарбеков, ел игілігі үшін еңбек сіңірген азаматтарды Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 21 қарашадағы Жарлығы бойынша «Астананың 20 жылдығы» медалімен, аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады. Мәслихат хатшысы Нұрлан Қойбағаров, елдің белсеңді азаматтарына ауданның «Құрмет» Грамотасын табыстады.
Мерекелік іс-шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен жалғасты.