​Түлкібастың прокурорлары марапатталды

0
2 132

Қазақстан Республикасының Прокуратурасының құрылғанына - 25 жыл.


​Түлкібастың прокурорлары марапатталды

Түркістан облысы Түлкібас ауданының әкімі Ә. Тұрғымбеков Қазақстан Республикасының Прокуратурасының құрылғанына 25 жыл толуына орай аудандық Прокуратура қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


«Елімізде прокурорлық қадағалаудың одан әрі дамуы және прокуратура органдары жүйесін реформалау кезеңі Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін алған сәтінен басталды. Осы жылдар ішінде прокуратураның беделі еселеп өсіп, оның әлеуметтік маңыздылығы арта түсті. Мемлекет басшысы қойып отырған маңызды міндеттерді орындай отырып, прокуратура заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі мемлекеттің сенімді тірегіне айналды.

Прокуратура қызметкерлерінің әрбір толқыны өздерінің кәсіби шеберліктерін дәлелдеп және таңдап алған кәсіптеріне адалдылық таныта отырып, қадағалау органдарының қалыптасу шежіресіне өз үлестерін қосып келеді. Осы орайда ел тыныштығы үшін тынымсыз еңбек етіп жүрген сала мамандарын айтулы мерекемен құттықтаймыз», - деді аудан басшысы.

Мереке соңында азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғауда мінсіз қызмет етіп келе жатқан аудандық прокуратура қызметкерлері Алғыс хаттармен марапатталды және естелік ретінде арнайы сыйлықтар табысталды.