Тұрғыны көп өңірде медицина мекемелері қысқарып жатыр

0
1 113

ERNUR.KZ. Оңтүстік Қазақстан облысында медициналық мекемелер саны қырқарып жатыр. Бұл туралы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев 2017 жылдың қорытындысы бойынша өткізген баспасөз-конференциясында айтылды.

«Денсаулық сақтау ұйымдарын оңтайландыру аясында медициналық заңды тұлғалар – 16 аудандық ауруханалар мен емханалар қосылып, саны 103-тен 87-ге жетті. Шаруашылық жүргізу құқығына 70 медициналық ұйым өткізіліп, республика бойынша 3-ші орында тұр. Сондай –ақ 23 ұйымда бақылау кеңесі құрылды. Медицина ұйымдарыныңматериалдық-техникалық базасын нығайтуға 6,2 млрд. теңге бағытталып, жарақталу көрсеткіші 65,1%-ға жеткізілді. ҚР көрсеткіші 65,7%. 2015 – 2017 жылдың аралағында бөлінген қаражат өсімі 5,1 есе»,- деді Мұқан Егізбаев.

Бүгінгі таңда ОҚО дағы медицина ұйымдарын компьютермен қамтамасыз ету 78%-ды құрады. 2018 жылы компьютерлердің 7582 бірлігі алынып, 100% қамтылатын болады.

Кезексіз емхананы жетілдіру мақсатында 23 МҰ-ға электрондық кезек таблосы орнатылды. Биыл электрондық кезек таблосы барлық емханаларға орнатылатын болады.

35 МҰ кешенді ақпараттық жүйеге қосылған. 2018 жылы барлық медициналық мекемелер 100 пайызға ақпараттық жүйеге қосылады деп жоспарланған.

Емхана, аурухана және жедел медициналық көмек қызметінің біріктірілген ақпараттық жүйесі енгізіліп, бірыңғай ситуациялық орталық жұмыс жасайды.

Шұғыл әрекет ету мақсатында SOS жүйелері 17 МҰ-ға енгізіліп, мобильді қондырғылар 6411 жүкті әйелдерге қосылған.