Арыз-шағымдардың басым көпшілігі коронавирусқа қарсы жасалатын профилактикалық жұмыстарға қатысты.
Республика бойынша 2020 жылдың 16 наурызынан бастап төтенше жағдай енгізілгендігіне байланысты Түркістан облысында 109 бірыңғай байланыс орталығы 24/7 форматында тәулік бойы қоңыраулар қабылдауда. 109 call-орталығы қазіргі уақытқа дейін облыс тұрғындарынан 2000-нан аса қоңыраулар қабылдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Байланыс орталығына келіп түскен арыз-шағымдардың басым көпшілігі коронавирус пандемиясына қарсы жасалатын профилактикалық жұмыстарға, азық-түлік бағалары мен әр түрлі коммуналдық салаға қатысты болып отыр.
Сонымен қатар, облыс тұрғандарының мәселелерін жылдам шешу мақсатында, келіп түскен арыз-шағымдарды «Белсенді азамат» жобасына бағытталып отыр. Бұл портал арқылы түскен шағымдар өңделіп, тұрғындар өтініштеріне жедел жауап алады.