МӘМС үшін мүлдем жарна төлемегендер де бар екен.
МӘМС жүйесінде сақтандырылған түркістандықтардың саны шамамен 1,6 млн адамды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев тұрғындарды медициналық сақтандыруға байланысты атқарылған жұмыстардың барысы туралы хабарлады. 2021 жылғы қыркүйек айындағы мәлімет бойынша МӘМС жүйесінде сақтандырылған түркістандықтардың саны шамамен 1,6 млн адамды құрады.
Қор филиалының директоры халықты МӘМС жүйесіне тарту барсында жалдамалы жұмысшылар, БЖТ төлеушілер, жүйегемүлдем төлемегеназаматтар жайлы әңгімеледі. Айта кетерлігі, сақтандырылмағандардың ішінде БЖТ төлеушілер көп. Төлемін уақтылы жасамағандықтан жүйеден тыс қалып отыр.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшылар үшін жарналар мен аударымдарды төлеуден жалтарады немесе төлемді дұрыс төлемейді. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңға сәйкес, жарна төленбесе үш айдан соң жүйеден шығып қалады. Сондықтан жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға МӘМС жүйесі бойыншажарнаны тұрақты төлеуді түсіндіруі тиіс. Егер жалдамалы жұмысшылар жұмыстан шықса, не болмаса жалақысы сақталмайтын демалысқа кетсе, онда жүйге өз бетінше жарна төлеуіне болады.
«Әлі күнге дейін сақтандырылмаған тұрғындар үшін Жоспарлы медициналық көмек көрсету, диагностикалық процедуралар, скринингтерден өту, ауруханаға жатқызу қажет болған жағдайда мәртебенің болмауы қиындық туғызады», - дейді директор.
Сондай-ақ, МӘМС үшін мүлдем жарна төлемегендер де бар екен. Оларды МӘМС жүйесіне тартуға байланысты Қормен бірлесіп медициналық ұйымдардың учаскелік қызметкерлері, мемлекеттік кірістер басқармалары, жергілікті әкімдіктер ақпараттық насихаттық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Жүйеге қатысудан шығып қалғандардың ішінен қоныс аударғандар, қайтыс болғандар, емханаға тіркелмегендер, жеңілдетілген санатқа кіретіндер де кездеседі. Күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттер туралы мәліметтерді өзектендіру бойынша жұмыс жеке жүргізіледі. Өңірлердегі барлық оқу орындарында түсіндіру тұрғысында кездесулер өткізіледі және оларға тұрақты негізде ақпараттық материалдар жіберіледі.
Бүгінде аудан, қалалардан МӘМС жүйесіне тұрғындарды толығымен тартуға байланысты жұмысшы топ құрылып, жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Халықты МӘМС жүйесіне тартуда жергілікті атқарушы органдардың рөлін күшейтіп, медициналық ұйымдардың көмекті уақтылы және толық ұсынудағы жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр.