ТҮРКІСТАН: 400-ден астам шаруа қожалық жылына 3 өнім алуға кіріскен

0
923

2020 жылы егіс көлемі - 69 807 гектарға жеткен.


ТҮРКІСТАН: 400-ден астам шаруа қожалық жылына 3 өнім алуға кіріскен

Сарыағашта 1 алқаптан 3 өнім алу жобасы қарқынды дамып келеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында 1 алқаптан 2-3 өнім алу жобасы аясында жұмыс жүргізуге жалпы 400-ге жуық шаруа қожалық ниет білдіріп, егіс көлемі 917,6 гектар болатын инновациялық жоба іске асырылуда. Бір алқаптан 2-3 өнім алу жобасы бойынша қазіргі таңда 36 704 тонна бірінші өнім жиналған. Екінші өнім егу бойынша 404 шаруашылық 921 гектар жерге егіс егу жұмыстарын аяқтап отыр.

Мәселен, Құркелес ауылындағы «Гүлшан апа» шаруа қожалығы 2 гектар жердің 1,2 гектарына қырыққабат, 80 сотығына баялдыр еккен. Бұл екінші өнім. Қожалық иесі Раимназаров Шоназардың айтуынша, бұл әдіс шаруаға бір жылда үш рет өнім алып, зор табысқа кенелудің жолы.

Айта кетерлігі, Қазақстан бойынша жылыжай көлемінің 60 пайыздан астамы Сарыағаш ауданына тиесілі. Биыл аймақта 665 гектар жылыжайға көкөніс егіліп, қазіргі таңда жылыжайдан жалпы 64 860 тонна өнім жиналған. Халықтың тынымсыз еңбегінің нәтижесінде ауданда биыл егіс көлемі - 69 807 гектарға жеткен. Жалпы аудан бойынша егістен өнім жинау жұмыстары әлі де жалғасуда.