Емін-еркін заңбұзушылыққа барған.
Түркістан облысында «Мигрант» іс-шарасы барысында 48 шетел азаматы қамауға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Арыс аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметкерлері көші-қон саласына қатысты қандай да бір заңсыздыққа жол бермеу, алдын алу мақсатында қарқынды қызмет етіп келеді. Осы орайда ҚР ІІМ-нің тапсырмасымен республика көлемінде «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның негізгі мақсаты - облыс аумағындағы шетелдіктерді тиісті құқық тәртібімен қамтамасыз ету, заңсыз келген және осында тұрып жатқан шетелдіктерді, оған қоса заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушыларды анықтау, республика аумағына келу, болу, кету ережелерін сақтау.
Іс-шара барысында Арыс ауданында шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында белгіленген мерзім өткеннен кейін ҚР-дан кетпеуінен көрінген, ҚР халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзған ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 3-бөлігімен 5 шетел азаматына хаттама толтырылған. Ал, анықтама не рұқсат алмастан ҚР-да еңбек қызметін жүзеге асырған 3 азаматқа 517-бабы 5-бөлімімен шара көрілген. Одан бөлек, ҚР ӘҚБтК-нің 517-баптың 4-бөлігімен 9 жайт тіркеп, тиісті әкімшілік шара көрілген. Сонымен қатар, 48 Тәжікстан Республикасының азаматтары қабылдап-тарату орталығына қамауға алынған.