ТҮРКІСТАН: 600-ге жуық дәрігерге вакцина егілді

0
2 465

Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.


ТҮРКІСТАН: 600-ге жуық дәрігерге вакцина егілді

Түркістан облысында 600-ге жуық медицина қызметкеріне коронавирусқа қарсы вакцина егілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай егу жұмыстары Түркістан облысында қарқынды жүруде. Екі тәулік ішінде облыста 572 медицина қызметкеріне короновирус инфекциясына қарсы вакцина қабылдады. Өңірге ресейлік «Спутник-V» вакцинасының 1300 дозасы жеткізіліп, барлық аудандарға таратылды. Өңірде ерікті түрде вакцина салу кезең-кезеңмен жүріп жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында коронавирус індетіне қарсы 20 екпе егу нүктесі ашылған. Сонымен қатар, вакциналарға арналған арнайы мұздатқыш камералары орнатылған. Бүгінде Covid-19 қарсы вакцина егілген азаматтардың денсаулығы жақсы. Екпеден кейін ауруханаға түскен жағдайлар тіркелмеген.

1 ақпаннан бастап жұқпалы індетке қарсы ерікті түрде екпе салу науқаны басталды. Вакцина ең алдымен инфекция жұқтыру қаупі бар саналатын медицина мамандарына салынады. Яғни, жұқпалы аурулар ауруханалары мен жансақтау бөлімі, қарқынды терапия бөлімшелерінің дәрігерлері, жедел жәрдем қызметкерлері мен емханалардағы мамандар. Екпе қабылдаған азаматтар үш күн бойы дәрігердің бақылауында болады.