ТҮРКІСТАН: Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы таныстырылды

0
631

Қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке таралыммен басылып шыққан.


ТҮРКІСТАН: Адам құқықтары жөніндегі комиссияның баяндамасы таныстырылды

Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс-залында арнайы талдамалық баяндаманың тұсауы кесілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігінің мәжіліс-залында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның «Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында азаматтардың және өзге де адамдардың әлеуметтік-экономикалық, еңбек, азаматтық және мәдени құқықтарын қорғаудың өзекті мәселелері» атты арнайы талдамалық баяндамасының тұсаукесері болып өтті. Ол Мемлекет басшысының, халықаралық және ұлттық сарапшылардың оң бағасын алып, Қазақстандағы Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйымы миссиясының техникалық жәрдемімен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жеке таралыммен басылып шыққан.


Таныстырылымға қатысушылардың алдында ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы Тастемір Әбішев, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Қазақстандағы Халықаралық көші-қон ұйымы миссиясы жобаларының менеджері Жұмажан Жолдасбеков, ҚР Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Ерлан Омарбеков құттықтау сөз сөйледі.


Комиссия хатшысы Тастемір Әбішев өз сөзінде Комиссияның таныстырылып отырған баяндамасының маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік органдардың адам саудасына қарсы күрес саласындағы - мен және дағдарыс орталықтарымен, сондай-ақ барлық санаттағы трафик құрбандарына, әсіресе Қазақстанда уақытша жүріп-тұратын, Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны болған шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы өзара іс-қимыл тетіктерін нығайтуға ерекше назар аударды.


Баяндаманы таныстыруға мемлекеттік және құқық қорғау органдарының басшылары, Түркістан облысының биліктің атқарушы, өкілетті және сот тармақтарының өкілдері, құқықтанушы ғалымдар, Қазақстанда аккредиттелген халықаралық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ҮЕҰ және дағдарыс орталықтарының, адвокатураның, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет, бизнес және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.


Баяндаманы комиссия мүшелері мен сарапшылары Тастемір Әбішев, Виталий Воронов, Зүлфия Байсақова, Жұмажан Жолдасбеков, Салтанат Сыздықова және Шахноза Хасанова таныстырып, қатысушылар мен қонақтардың сұрақтарына жауап берді.

Сондай-ақ, таныстырылым барысында баяндамада Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына сәйкес қауқарсыз еңбекші-мигранттар мен барлық санаттағы адам саудасы құрбандарының құқықтарын қорғау саласындағы ұлттық заңнама мен құқық қолдану практикасына салыстырмалы талдау; уәкілетті мемлекеттік органдардың қызметін бағалау; Конституция нормалары мен халықаралық стандарттарға сәйкес адам саудасы құрбандарының азаматтық, әлеуметтік-экономикалық, еңбек және мәдени құқықтарын қорғау тетіктерін одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты қадамдар қамтылғаны атап өтілді.


Таныстырылымда сөз сөйлеген сарапшылар Адам құқықтары жөніндегі комиссияның арнайы баяндамасының ережелеріне жоғары баға беріп, оның ұсынымдарын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Парламенті іс жүзіне асыра бастағанын атап өтті.