ТҮРКІСТАН: Арыста мемлекеттік қызметшілер сенбілікке шықты

0
690

Әкімдіктің жүзден астам қызметкері сенбілікке қатысты.


ТҮРКІСТАН: Арыста мемлекеттік қызметшілер сенбілікке шықты

Арыс қаласының аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының әкімі Гүлжан Құрманбекованың тапсырмасына сәйкес, «Қабылсай сайы» аумағында және барлық ауылдық округтерде тазалық жұмыстары жүргізілді.


Шараға Арыс қаласы әкімдігінің жүзден астам қызметкері санитарлық тазарту бойынша сенбілікке қатысты. Әріптестерімен бірге аумақты тазалауға қала әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, және қалалық Ішкі саясат бөліміне қарасты «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ерікті жастары да белсенділік танытты.


Бұл шара тұрғындардың табиғатқа деген жақсы қарым-қатынасын қалыптастыруға және көшелердегі тазалықты сақтау және экологиялық мәдениетті дамыту мәселелеріне қоғам назарын аудартуға, санитарлық жағдайды жақсартуға бағытталып отыр.