ТҮРКІСТАН: Әскерге шақырылушылармен кездесу өтті

0
757

Жинақ пунктіндегі мәзірмен танысып, асханада дайындалатын тағамның сапасын бағалады.


ТҮРКІСТАН: Әскерге шақырылушылармен кездесу өтті

Түркістанда қоғамдық бірлестіктің өкілі әскерге шақырылушылармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Аналардың жүрегі» сарбаздар аналарының кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі Шарифа Муминова Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің облыстық жинақ пунктіне барып, әскерге шақырылушылармен кездесіп, олардың тұрмысымен танысты. Қоғамдық кеңес қызметкерін Департамент бастығы полковник Нұрмаханбет Дүйсебаев өз орынбасарларымен қарсы алды.


Кездесу барысында облыстық қорғаныс департаментінің басшысы белсенді қоғамшылға мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізуді ұйымдастыру жұмысы, шарттары және тәртібімен жеке танысуға мүмкіндік берді. Танысу барысында қоғамдық бірлестіктің өкілі әскерге шақырылушылар психологиялық тестілеуден өтетін және әскери бөлімдердің өкілдері жеке әңгімелесулер өткізетін кабинеттерді аралап шықты. Сондай-ақ Шарифа Муминова жинақ пунктіндегі мәзірмен танысып, асханада дайындалатын тағамның сапасын бағалады.


Қоғамдық бірлестіктің өкіліне жұмыс тәртібін көрсеткен департамент бастығының тәрбие жөніндегі орынбасары подполковник Жандос Қүлдербаев тұруға арналған үй-жайларды көрсетті. Онда әскерге жіберілгенге дейін бірнеше күн бойы облыстың түкпір-түкпірінен келген әскерге шақырылушылар орналастырылады екен.


Казармалық үй-жайларды аралау кезінде «Аналардың жүрегі» сарбаздар аналарының кеңесі» республикалық қоғамдық бірлестігінің өкілі әскерге шақырылушылармен әңгіме жүргізді. Олардың жинақ пунктіне қатысты әсерлері мен пікірлерін, сондай-ақ әскери қызметке бару мотиві мен психологиялық көңіл-күйлерін білді.


Танысу барысында Шариф Муминова жинақ пунктінде орналасқан соңғы медициналық комиссияны өткізу тәртібін көрді, онда әр дәрігермен шақыру науқаны кезінде олардың қызметінің ерекшеліктері туралы жеке әңгімелесті.


Соңында бұл облыстық жинақ пунктіне алғашқы сапары екенін, бірақ соңғысы емес екенін атап өтті.


«Жалпы, жинақ пунктіне барғаныма риза болдым. Шағымдар мен ескертулер жоқ. Бұл облыстық қорғаныс істері департаменті басшылығының ісіне жауапкершілікпен қараудың нәтижесі деп санаймын. Болашақта біз жақсы қарым-қатынас орната аламыз деп үміттенемін», – деп түйіндеді ол.


Айта кету керек, «Аналардың жүрегі» сарбаздар аналарының кеңесінің» өкілі сапарды алдын ала келісімсіз өз бастамасымен жасайды.