ТҮРКІСТАН: «Азаматтарға арналған үкімет» ардагерге құрмет көрсетті

0
620

Бейбітшілік пен бостандық жолындағы қызметіне деген ризашылықтың белгісі болды.


ТҮРКІСТАН: «Азаматтарға арналған үкімет» ардагерге құрмет көрсетті

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалы қызметкерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері Түркістанда тұратын соғыс ардагері Әбдірәсілов Немет қарияға құрмет және қолдау көрсету үшін сенбілікке шықты.


«Жеңіс күні» қарсаңында және «Өнегелі ұрпақ» апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шарада аула аумағын тазалау, арамшөптерді жұлу, қоқыстарды жинау және гүлзарларды жаңарту жұмыстары атқарылды. Бұл бастама ардагер үйінің айналасындағы аумақтың сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, оның бейбітшілік пен бостандық жолындағы қызметіне деген ризашылықтың белгісі болды.


Азаматтарға арналған үкімет директорының орынбасары Нұрзат Берікұлы сенбілікке қатысушылардың барлығына алғысын білдірді.


«Біз қоғамдық әл-ауқатқа үлкен үлес қосқан ардагерлерімізді мақтан тұтамыз. Бұл кішігірім іс - шара олардың қызметі мен батырлығына деген терең ризашылығымыздың аз ғана бөлігі», - деді ол.