Су үш күнге дейін сыртқа ағызылады.
Бәйдібек ауданы, Шақпақ ауылында ауыз су ұңғымасын тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Биыл Бәйдібек ауданы, Алғабас ауылдық округінің орталығы Шақпақ ауылында ауызсу жүйесіне қайта құру жұмыстарының құрылысы басталған. Қазіргі таңда аталған ауылдың ішкі көшелеріндегі су құбырлары жаңартылып жатыр.
Ал, өткен жылы қазылған су ұңғымасының ішіне ауамен қысымдау жұмыстары жүргізілсе, енді құбырларын шайып, тазалау жұмыстары басталды. Ауыз суды тазалау жұмыстары 3 күнге дейін жүргізіледі.
Осы орайда аудан әкімінің коммуналдық салаға жетекшілік ететін орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдатбек Жанғазиев, аудандық мәслихат төрағасы Асқар Кенехан су ұңғымасы орналасқан аумақта болып, жұмыстың барысын бақылады. Олар ауыл тұрғындарымен және жұмысты іске асырып жатқан мердігер мекеменің өкілдерімен кездесті.
Ауызсу мамандарының айтуынша, жіберілген ауызсуды тазалау үшін су үш күнге дейін сыртқа ағызылады.