ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте оқушыларға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

0
1 577

Ауданда «Өрт қауіпсіздігі айлығында» өтуде.


ТҮРКІСТАН: Бәйдібекте оқушыларға өрт қауіпсіздігі түсіндірілді

Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында «Өрт қауіпсіздігі айлығында» аясында мектеп оқушыларына өрт қауіпсіздігінің алдын алу және оны қолданудың әдебі түсіндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бәйдібек ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері және Шаян ауылындағы №10 Өрт сөндіру бөлімі қызметкерлерімен бірлесе отырып «М. Әуезов атындағы жалпы орта мектебі», «Садық Әбдіжаппаров атындағы мектеп интернаты», «Лицей көп салалы жалпы орта мектебі» МКМ білім беру мекемелерінің 8,9,10 сынып оқушыларының қатысуымен ашық есік күні өткізілді.

Ашық есік күнін өткізу барысында ТЖБ қызметкерлері оқушылырға – «Өрт қауіпсіздігі айлығында» атқарылатын жұмыстар мен Төтенше жағдайлар қызметі туралы және өрт сөндіру техникасы мен өрт сөндірушілердің арнайы жабдықталуы туралы айтып өтті.

Оқушыларға аудандағы өрт жағдайлары туралы нақты мысалдар келтіріп, өрт сөндірушілердің жұмыс жоспары толық түсіндірілді. Бөлімнің өрт сөндірушілері оқушыларға өрт сөндіру техникасын көрсетіп, өртті залалсыздандыруда және авариялық құтқару жұмыстарында қандай құрал-жабдықтар қолданылатынын, өрт жағдайы туралы қоңырау қайда түсетінін және қоңырауға қалай ұйымдасқан түрде шығатынын көрсетті.

Экскурсияның мақсаты оқушыларды бала кезден бастап өртті қауіпсіз қолдану әдебіне үйрету. Осындай іс-шарадан кейін, балалар өрт қауіпсіздігі ережесін сақтауда жақсы көзқараспен қарайды. Олар арнайы қызметтердің телефон нөмерлерін кідірместен айтып, ең бастысы өрт жағдайы орын алған кезде қандай іс-шара жасау керектігін біледі.

Іс-шараның қорытындысында оқушыларға ҚР ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтына түсу туралы нұсқаулықтар таратылып, институтты бітіргеннен кейін өзінің болашағын Төтенше жағдайлар қызметімен байланыстырып және құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қатарын толықтыратындары айтылды.