ТҮРКІСТАН: Барлық кеден бекеттерде залалсыздандыру жұмыстары жүруде

0
1 421

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 6 шекаралық кеден бекеті бар.


ТҮРКІСТАН: Барлық кеден бекеттерде залалсыздандыру жұмыстары жүруде

Әлемді алаңдатқан коронавирустың Түркістан облысы аумағына шекара арқылы енуіне жол бермеу мақсатында қатаң шаралар қолға алынды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осыған орай, шекаралық өткізу пункттерінде дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Санитарлық дәрігерлер ғимараттарды тазартады. Бұл жұмыстар шамамен 2 сағатқа жалғасады және осы уақытта өткізу пункттері жабылады. Залалсыздандыру жұмыстары әр аптаның сәрсенбі және бейсенбі күндері жүргізу жоспарланған. Бұл аймақ тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі үшін жасалынып отырған шара.


Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде 6 шекаралық кеден бекеттері бар, атап айтқанда «Қазығұрт», «Жібек Жолы», «Қапланбек», «Сарыағаш стансасы», «Бауыржан Қонысбаев» және «Атамекен». Бүгінгі таңда барлық кеден бекеттері штаттық режимде жұмыс істеуде. Қазір кеден төтенше жағдайдың жаңа деңгейі жарияланды.


Санитарлық бақылау тәулік бойы жүргізілуде. Түркістан облысына Қытайдан және басқа шет елдерден келгендер санитарлық эпидемиологтар мен шекарашылардың арнайы бақылауынан өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, барлық кеден бекеттерінің өткізу пункттерінде тепловизорлық бейне-камералар мен қол өлшеуіштері бар инфрақызыл камералар орнатылған. Олар дене температурасы көтерілген адамды 15 метр қашықтықтан табуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда, жүйе монитордағы шекаралық өткізу пункттерінде не болып жатқанын қадағалайтын маманға дабыл береді.