ТҮРКІСТАН: Бір қорада 4 мал ұрлаған азамат ұсталды

0
745

Ұрлаған малын ауылдастарына сатқан.


ТҮРКІСТАН: Бір қорада 4 мал ұрлаған азамат ұсталды

Түркістан облысында бір үйге бірнеше рет ұрлыққа түскен мал ұрысы ұсталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Отырар ауданы ПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті тұрғынның бірі мал ұрлығының құрбаны болғандығы жөнінде арызданып келген. Онда өз үйінің ауласындағы қорадан 3 бас тоқтысын ұрлап, жалпы құны 100 000 теңгеден астам шығын келтіргенін көрсеткен. Аталған дерек ҚК 188-1-бабы «Мал ұрлығы» қылмыстық құқық бұзушылығы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.


Хабарлама түскен мекенжайға ұрлық қылмысын ашу мақсатында жедел-тергеу тобының қызметкерлері барып, қылмыс орнын тексеріп, аулаларды аралап, куәгерлерден жауап алған. Нәтижесінде, мал ұрлаған күдікті анықталып, күдікті ер азамат қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.


Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушінің үйіне қараша айынан бері 4 рет ұрлыққа түскен. Осылайша 5 бас қойды ұрлап, жалпы 175 000 теңге шығын келтірген. Күдікті ер адам ұрланған малдардың жартысын мал базарға, қалғанын ауыл тұрғындарына сатып жіберген. Ал ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған.