ТҮРКІСТАН: Биыл 200-ден астам көше жөндеуден өтеді

0
872

«Жетісай - Мақталы» бағытындағы КХ86 автомобиль жолы да жөнделеді.


ТҮРКІСТАН: Биыл 200-ден астам көше жөндеуден өтеді

2020 жылы Жетісайдағы көшелер жөнделеді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында 200-ден аса көше орта және ағымдағы жөндеуден өтеді. Оған жалпы 1 млрд. 217 млн. 869 мың теңге бағытталған. Нәтижесінде Жетісай ауданындағы 113 елді мекеннің және 1 қала мен 1 кенттің көшелерінің сапасы артады.

Атап айтсақ, аудан бойынша 38 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе, оның 33 көшесі ауылдағы көшелер. Ал, 162 көшеге ағымдағы, яғни тас төсеу жұмыстары жүргізілетін болады. Қосымша 3 көшеге аяқ жолдар салу жұмыстары жүргізілмек.

«Өткен жылы ауданда 166 көше жөндеуден өтсе, биыл 200-ден асып отыр. Бұл аудан тарихында рекордты жол жөндеу жұмыстары басталды деген сөз. Сондай-ақ, облыс әкімі Өмірзақ Естайұлының арнайы тапсырмасымен 63 шақырымды құрайтын 130 көшеге ағымдағы жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның құрылыс жұмыстары биыл басталады», - дейді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.

Сонымен қатар, ұзындығы 20 шақырымға жуық «Жетісай - Мақталы» бағытындағы КХ86 автомобиль жолы жөндеуден өтетін болады.