ТҮРКІСТАН: Бизнес-инкубаторларды қолдау мақсатында меморандумға қол қойылды

0
123

Бұл келісім өңірдегі бизнес-инкубатор, инновация және технологиялық кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық орнатуға, ІТ саласының өркендеуіне ықпалын тигізбек.


ТҮРКІСТАН: Бизнес-инкубаторларды қолдау мақсатында меморандумға қол қойылды

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ арасында меморандум түзілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді. Аталған келісімге басқарма басшысы Марат Айнабеков пен ректор өкілі Наджи Генч қол қойды.


Бұл келісім өңірдегі бизнес-инкубатор, инновация және технологиялық кәсіпкерлік саласында ынтымақтастық орнатуға, ІТ саласының өркендеуіне ықпалын тигізбек. Сондай-ақ цифрландыру саласында нақты жобалардың жүзеге асуына, студенттердің тағылымдамалардан өтуіне, хакатондар мен практикалық жұмыстар арқылы білімдерін нығайтуға үлкен мүмкіндік болмақ.


Келісімшарт аясында студенттерді технологиялық бизнес-идеялар мен жобаларды құруға арналған бірлескен іс-шаралар, лекция мен семинарлар, стартап демалыс күндері өтеді. Жастар арасында байқаулар мен бизнес-жобалардың жәрмеңкесін өткізіп, инновациялық бағыттағы үздік бизнес жобаларды іріктеу арқылы оларды жүзеге асыруға қолдау көрсетілмек.


Меморандум барысында басқарма басшысы Марат Фаритұлы халықаралық дәрежедегі университетпен ынтымақтастық келісімі орнағанына қуанышты екенін, студенттердің кәсіби дағдыларын дамытуда және жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін кеңейтуде басқарма тарапынан қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.