ТҮРКІСТАН: Былтыр Қызылқұм мен Мойынқұмға 2500-дей дуадақ жіберілген

0
2 126

Өткен жылы Түркістан облысына БАӘ-нен 4 мыңға жуық дуадақ жеткізілген.


ТҮРКІСТАН: Былтыр Қызылқұм мен Мойынқұмға 2500-дей дуадақ жіберілген

2018 жылы маусым айында қолдан өсірілген 3995 бас жек дуадақ құстары БАӘ әкелінген - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оның 2495 басы Қызылқұм мен Мойынқұмға еркіндікке жіберілсе, қалған 1500 бас жек дуадақ құсы аналық бастың санын арттыру мақсатында Бәйдібек ауданында орналасқан арнайы тұқымбаққа жіберілген. Бұл туралы Түркістан Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Бақытжан Қырықбай айтып өтті.

"Бүгінгі таңда облыста жек дуадақты жасанды жолмен өсіруге арналған Бәйдібек ауданы аумағындағы 1000 га учаскедегі арнайы тұқымбақ толыққанды жұмысқа қосылған жоқ. Тұқымбақ 5000 бас құсты қоршаған ортаға жіберуге жоспарланған болатын, алайда бүгінгі күнге өнімділігі шамамен 2000 басты құрап отыр. Соңғы жылдардағы өзгерістерге сәйкес тұқымбақтың қуаттылығын 15000 басқа арттыру жоспарланып отыр", – деді ол.
Бәйдібек ауданында орналасқан жек дуадақ құсын өсіруге арналған тұқымбағынан 2018 жылдың қыркүйек айында 2260 бас жек дуадақ құстары Созақ ауданына қоршаған ортаға жіберілді.