ТҮРКІСТАН: Бюджеттен жымқырылған қаржының 99 пайызы өндірілді

0
700

Келтірілген залал 1 млрд. 142 млн. теңгені құраған.


ТҮРКІСТАН: Бюджеттен жымқырылған қаржының 99 пайызы өндірілді

Түркістан облысы бойынша 46 жемқорлық дерегі тіркелген, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабайдың қатысуымен баспасөз брифингі өтті.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша – 46 қылмыс тіркеліп, мемлекетке келтірілген залал 1 млрд. 142 млн. теңгені құраған. Оның бүгінде 99 пайызы өндіріліп, мемлекет қазынасына қайтарылған.

Сондай-ақ, брифингте «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсе үйлестірушісі Гүлзия Қарсыбай мекеменің атқарған жұмыстарымен таныстырды.

"Сапалы жол" жобасы аясында автомобиль жолдарының құрылысына қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргіземіз. Есептік кезеңде 11 ауданда мониторинг өткізіліп, нәтижесінде 34 бұзушылық анықталып, әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу ұсынылды. Ал «Бизнес пен инвесторларды қорғау» жобасы бойынша бүгінгі күні 574 млрд. теңгегеден аса 42 ірі кәсіптік субъекті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеумен қамтылды. Сондай-ақ, «Түркістан - адалдық алаңы» жобалық кеңсе бастамасымен 60 мекеме «Open Space» үлгісінде және 84 Фронт кеңсе мен 6 Сервистік әкімдік тұрғындар үшін жұмыстар атқаруда.Облыс аумағындағы дәрі-дәрмек бағасы, жол сапасы, білім сынды әлеуметтік маңызды салалар жобалық кеңсе назарында», - деді ол.