1350-ден астам тазалық жұмыстарын орындады.
Сайрамдағы «Дендросаябақта» сенбілік жұмыстары атқарылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Сайрам ауданы, Ақсукент ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы ұйымдастырылып, «Дендросаябақта» сенбілік жұмыстары атқарылды.
Сенбілік жұмыстарына бірқатар мемлекеттік мекеменің қызметкерлері мен БАҚ өкілдері атсалысты. Жалпы 1350-ден астам адам экологиялық бағдарламаны қолдап, тазалық жұмыстарын жоғары деңгейде орындады.
«Дендросаябақ» аумағында өткен сенбілікте қураған ағаш бұтақтарын қырқып, арам шөптер шабылды, айнала күл-қоқыстардан тазартып, ағаш көшеттерінің түптерін суғару жұмыстары атқарылды.
Айта кетейік, жалпыаудандық сенбілікке 4 техника жұмылдырылып, 12 тонна қоқыс шығарылды.