ТҮРКІСТАН: Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар талқыланды

0
402

9 айда атқарған жұмыстар сараланды.


ТҮРКІСТАН: Денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар талқыланды

Түркістанда денсаулық сақтау саласына қатысты мәжіліс өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда Облыстық денсаулық сақтау басқармасының 9-айда атқарған жұмыстары сараланған мәжіліс өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев пен медицина мекемелерінің басшылары және дәрігерлер қатысты.


Алқалы жиында халық денсаулығын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жүйелеу, медициналық қызмет сапасын жақсарту, тұрғындарды қолжетімді медицинамен қамтамасыз ету, профилактикалық медицинаны дамыту, ана мен бала денсаулығын қорғау, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жетілдіру жөніндегі мәселелер, жоспарлар талқыланды.


Түркістан облысы халқына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті 34 мемлекеттік және 36 жеке меншік медициналық ұйым көрсетеді. Облыс бойынша ЖТД дәрігеріне шаққандағы жұмыс жүктемесі – 1496 адамды құрайды.


Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылда тұрады. Ауыл тұрғындарына профилактикалық тексерулер, жылжымалы медициналық кешендер арқылы жүргізілетін медициналық және тағы басқа қызметтер көрсетіледі. Жылжымалы медициналық кешендері арқылы облыста 436 321 адамға көмек көрсетілген.


Жиын соңында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты және жеке меншік медициналық ұйымдардың басшыларына көтерілген мәселелер бойынша жұмысты жандандырып, медицина саласындағы қызмет сапасын жақсартуды тапсырды. Ұсыныстарды ескеріп, индикаторлар мен іс-шаралар бойынша жұмысты күшейту қажетігін ескертті.