ТҮРКІСТАН: Карантин кезінде той жасағандар ұсталды

0
794

Заңды шешім қабылдау үшін жолданды.


ТҮРКІСТАН: Карантин кезінде той жасағандар ұсталды

Түркістан облысында той жасаған 4 бірдей тұрғын анықталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Карантин талаптары алынбаса да, шектеу шараларын елемейтіндер қатары азаяр емес. Жақындары мен туыстарының басын қосып, көпшілікке той беріп, жиын жасап жатқандар әлі де анықталуда.

Мәселен, Түркістан облысы Отырар ауданында карантин талаптарын өрескел бұзған 2 бірдей тұрғын анықталды. Олардың бірі өз үйінің ауласында туыстарының басын қауіп қатерге тігіп, беташар тойын жасаса, екіншісі өз үйінде құдалық өткізген. Аталған екі жайт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен тіркеуге алынып, іс-құжаттары жинақталып, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына заңды шешім қабылдау үшін жолданды.

Сондай-ақ, Келес АПБ қызметкерлерімен жүргізілген рейд кезінде, дәл осындай шектеу ережелерін ескермеген екі тұлға анықталды. Екеуі де ауданның мейрамханаларында қыз ұзату тойы мен құдалық жиынын өткізген. Өз кезегінде той иесі мен заңды белшесінен баса отырып, жалпыға ортақ ережені бұзған тойхана иесіне түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен құжаттар жинақталып, заңды шешім шығару үшін тиісті орынға жіберілді.

Облыс полицейлері карантин кезінде той-жиындар, басқосулар, отбасылық, мерекелік, ұжымдық іс-шараларды ұйымдастыруға тыйым салынғанын тағы да ескертеді. Оған қоса бетперделік режим мен арақашықтықты үнемі сақтау міндеттеледі. Сондықтан заңға баршамыз бірдей бағынайық!