ТҮРКІСТАН: Карантин талаптарының сақталуын полицейлер қатаң бақылауда ұстап отыр

0
838

кафе-базарлар жұмыстарын демалыс күндері ТО Бас санитарлық-дәрігерінің қаулысына сәйкес тоқтатқан.


ТҮРКІСТАН: Карантин талаптарының сақталуын полицейлер қатаң бақылауда ұстап отыр

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуы полицейлердің қатаң бақылауында, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстан Республикасы Бас санитарлық-дәрігерінің 06.06.2020 жылғы №39 қаулысы негізінде, Түркістан облысы Бәйдібек ауданында коронавирус індетінің тіркелуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бірқатар шаралар іске асырылды.

Атап айтсақ, Бәйдібек АПБ қызметкерлері тарапыан аудан көлеміндекөшелерге, шектеу белгіленген жерлерге ішкі бекеттер қойылған. Осыған орай, карантин кезінде аудан тұрғындарының көшелерде белгілі уақыттарда ғана жүріп-тұруы, аса қажеттілік болмаса сыртқа шықпауы және адамдар көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттілігі түсіндіріліп жатыр.

Сондай-ақ, карантин шараларының орындалуын Бәйдібектік полицейлермен қатар Келес АПБ-нің қызметкерлері де бақылауға алып, қарқынды жұмысқа кіріскен. Келестік тәртіп сақшылары адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындар, базарларда, кафелерде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Оған қоса, арнайы көліктермен, көшелерді аралап, қауіпсіздік шараларының, арақашықтықтың сақталуын дауысүдеткішпен ескертуді қолға алған.

Соның нәтижесінде өткен сенбі, жексенбі күндері Келес АПБ және Әкімшілік қызметкерлері рейдтік шараларды іске асырып, кафе-базарлар жұмыстарын демалыс күндері ТО Бас санитарлық-дәрігерінің қаулысына сәйкес тоқтатқан.

Алдағы уақытта да тәртіп сақшылары кәсіпкерлерге карантинге байланысты шектеулерді ескер отырып жұмыс істеуін ұғындырып, қадағалап, рейдтік шараларын үздіксіз ұйымдастырады.