ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

0
765

Құрылыс нысанын кедергісіз қабылдағаны және қамқорлық жасағаны үшін пара алған.


ТҮРКІСТАН: Кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды

Түркістан облысында кәсіпкерден пара алған құрылыс бөлімінің басшысы сотталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2023 жылдың 5 мамырында Бәйдібек аудандық сотының үкімімен Бәйдібек аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Т. Досалиев параның отыз еселенген сомасы мөлшерінде 12 млн. теңге айыппұл төлеуге сотты болды.


Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысындағы өкілі хабарлады.


Ол «Бәйдібек ауданы, Ағыбет ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы» нысанының жұмыстарын пайдалануға қабылдау актісіне кедергісіз қол қою және жалпы қамқорлығы үшін кәсіпкерден 400 мың теңге пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.


Үкім заңды күшіне енген жоқ.