Аталған серіктестіктің 120 гектар егістік жері бар.
Қазығұрттық шаруа жоңышқа ұрығынан күніне 5 тонна өнім алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Отандық шаруалар ең көп өсіретін мал азықтық дақыл жоңышқа екені белгілі. Бүгінгі таңда күнгей өңірде жоңышқа егіп, мал азығына жаратып, сатумен де айналысатын шаруалар да аз емес. Сондай-ақ, жоңышқаның тұқымын орып, оны өндіріп табыс тауып отырған кәсіпкер-шаруалар да бар. Соның бірі Қазығұрт ауданы Жаңабазар ауыл округіндегі «Жаңабазар агро» ЖШС-ң төрағасы, кәсіпкер Серік Көкішев.
Аталған серіктестіктің 120 гектар егістік жері бар. 2016 жылы құрылған нысан бүгінгі таңда жоңышқа егумен және тұқымын өндірумен айналысып келеді. Өнім өндіру үшін арнайы «Педкус - 218», «Педкус - 290» секілді препараттары мен техникалары да бар. Кәсіпкердің айтуынша, күніне бес тоннаға жуық жоңышқа ұрығы тазаланып өңделіп, сатылымға шығарылады.
Айта кетсек, жоңышқа - бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Бұл өсімдіктің Қазақстанда 18 түрі өседі.