Талдыбұлақ елді мекенінде бой көтерген үй жиһаздармен қамтылған.
Қазығұрт ауданының 1985 жылғы азаматтары аз қамтылған бір отбасыға тұрғын үй салып берді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының 1985 жылғы азаматтары аз қамтылған бір отбасыға тұрғын үй салып берді. Баспана Сарапхана ауылы, Талдыбұлақ елді мекенінде бой көтерді. Үй жиһаздарымен қамтылған.
Ауыл азаматтары мектепті бітіргендеріне 20 жыл толуына орай ауыл осы игі істі қолға алуды жөн көріпті. Өздерінің сыныптасы Нұрлан Бакировтың үй баспана тауқыметін тартып жүргенін білген сыныптастар оған үй салып беруді жөн көріпті. Енді бұл отбасы үшін ауыр тұрмыс, қиын күндер артта қалды. Ауылдастарының қолдауымен жаңа қонысқа жайғасқан отбасыға демеушілер азық-түлік пен қажетті үй жиһаздарын жеткізіп беруде. Жаңа үйге кірген азамат жомарт жүректі достарына, ауылдастарына алғысын айтты.
Қазақ топырағында қалыптасқан «Асар» игі дәстүрі Қазығұрт топырағында сәтті түрде жалғасын тауып келеді.