ТҮРКІСТАН: Келесте құқықбұзушылық саны азайған

0
1 006

Бейнекамераларды көбейту ұсынысы айтылды.


ТҮРКІСТАН: Келесте құқықбұзушылық саны азайған

Келес ауданында өткен жылы құқықбұзушылық саны төмендеген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес аудандық полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі Болат Қаныбеков өткен жылы атқарылған жұмыстары жайлы есеп берді. Есепті кездесуге Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Шералы Сәрсенұлы, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ахмет Мұхаммеджанов және ауыл, ауылдық округтерінің әкімдері мен ауыл билері zoom платформасы арқылы онлайн қатысты. Есеп барысында аудандық полиция бөлімінің бастығы өткен жылы қылмысқа қарсы күресті күшейтуге, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, болған қылмыстарды дер кезінде ашуға бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асқанын атап өтті.


«Өткен жылы жалпы құқықбұзушылық саны - 19,3 пайызға төмендеген. Оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны - 24,3 пайызға, қасақана кісі өлтіру қылмысы - 75,0 пайызға төмендеген. Сондай-ақ ұрлық қылмыстар саны - 50,6 пайызға, мал ұрлығы қылмыстарының саны - 21,7 пайызға азайған», - деді ауданның Б.Қаныбеков өз баяндамасында.


Ауданның бас полицейінің айтуынша, криминалды полиция саласы бойынша бірқатар іс-шаралар өткізілген. Олар «Допинг», «Қару», «Қаңғыбас», «Арқан», «Көкнәр», «Айдап әкету», «Мал ұрысы», «Іздеу», «Контрафакт» және «Стоп трафик», «Бөтеннің мүлкін ұрлау қылмыстарына қарсы күрес туралы» іс-шаралар ұйымдастырылып, жұмыстар атқарылған.


Сондай-ақ, жиын барысында қылмысты алдын-алу үшін бейнекамераларды көбейту мәселесімен учаскелік полицейлерге тірек пункттердің құрылысын жүргізу бойынша ұсыныстар айтылды. Аудан әкімі Ақментай Есбаев жиынды қорытындылай келе полция бөлімі тарапынан ұсыныс берілген жерлерге бейнекамера орнату үшін қаражат қарастырылатынын айтып, Жүзімдік ауылдық округі аумағынан полиция тірек пункіті салынуы жоспарға енгенін атап өтті.