ТҮРКІСТАН: Келесте Марокко шегірткесіне қарсы күрес жүргізілмеді

0
893

Экономикалық зияндылық шегінен аспаған.


ТҮРКІСТАН: Келесте Марокко шегірткесіне қарсы күрес жүргізілмеді

Келес ауданында аса қауіпті Марокко шегірткесі экономикалық зияндылық шегінен аспаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Келес ауданында аса қауіпті Марокко шегіртке зиянкесіне қарсы 188 800 га жерге анықтау-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, Келес ауданында аса қауіпті Марокко шегірткесінің экономикалық зияндылық шегінен аспауына байланысты химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмеді. Бұл туралы Келес аудандық аумақтық инспекция басшысы М.Жамалов мәлімдеді.


2022 жылдың ақпан айында аудан әкімінің өкімімен химиялық өңдеуді сапалы және уақытыл аяқтау үшін Штаб құрылған болатын. Аудан тарапынан анықтау-зерттеу жұмыстарына тиісті ауыл округтер бойынша 27 адам анықтаушы бөлінді. Зерттеу жұмыстары Бірлік, Жамбыл, Бозай, Қошқарата, Ошақты, Біртілек, Ақтөбе, Жүзімдік, Алпамыс батыр және Ұшқын ауылдық округтерінің аумақтарында жүргізілген.


Аса қауіпті Марокко шегіртке зиянкесі 2022 жылдың 13 сәуір күні жер бетіне шыққаны тіркелген. Жалпы 188 800 га жердегі анықтау-зерттеу жұмыстарына аумақтық инспекциядан 8 мемлекеттік инспектор, РФДжБӘО тарапынан 15 маман, 5 уақытша анықтаушы, сонымен қатар тиісті ауыл округтері тарапынан 27 қосымша адам анықтаушылар жұмылдырылды.