ТҮРКІСТАН: Кентауда «Сергек» орнатыла бастады

0
1 186

Тағы да камера орнату қажет пунктілер ұсынылған.


ТҮРКІСТАН: Кентауда «Сергек» орнатыла бастады

Кентау қаласына сергек бейне бақылау камералары қойыла бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Кентау қаласына "Қауіпсіз қала" жобасы аясында сергек бейне бақылау камералары қойыла бастады. Облыс орталығы — Түркістан қаласына ең жақын орналасқан қала болғандықтан көлік саны да артқан.


Камералар орнату арқылы қаланың қауіпсіздігін күшейту, жол қозғалысы ережесінің бұзылуына жол бермеу, жол-көлік оқиғасының санын азайту көзделген.


16 наурыздан бастап қаланың Ясауи мен Төле би көшелерінің қиылысына, "Ынтымақ" алаңына қойылды. Жалпы, 20 «Сергек» бейне бақылау камераларын орнату қажет пунктілері ұсынылған.


Қала әкімі Рашид Аюпов Кентауды қауіпсіз қалаға айналдыру мақсатында жыл соңына дейін сергек бақылау камералардың санын арттыруды жоспарлауда.


Жүргізушілер жылдамдықты асырмай, өзі мен жолаушылардың өмірі үшін жол ережелерін сақтағаны абзал.