ТҮРКІСТАН: Кентаулық спортшы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

0
548

Ол күреспен 4 жасынан бастап айналыса бастаған.


ТҮРКІСТАН: Кентаулық спортшы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Кентаулық балуан қыз Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Кентау қаласының тумасы Ақбота Қыдырәлі Ресей Федерациясы Қазан қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды. Жасөспірімдер арасындағы спорттық сайыста 63 келі салмақта өнер көрсеткен балуан қыз барлық кезеңдерден сүрінбей өтіп, финалда қарсыласына аздаған басымдықпен есе жіберген.

Кентау қалалық Б.Саттарханов атындағы №1 БЖСМ-нің шәкірті бұған дейін де бірқатар белестерді бағындарған. Атап айтсақ, Түркістан облысының бірнеше дүркін жеңімпазы атанған, ҚР чемпонатында күміс жүлдені иеленсе, 2021 жылы Өзбекстан Республикасында өткен Азия чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған.

Ақбота Қыдырәлі 2005 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Ол күреспен 4 жасынан бастап айналыса бастаған. Бүгінде спортшы қыз № 10 жалпы орта мектебінде 10 сыныпта оқиды. Оның жаттықтырушылары Самат Аргинбаев пен Қанат Арғымбаев спортшы қыздың болашағынан мол үміт күтуге болады деп пікір білдірді.