ТҮРКІСТАН: «Керуен Сарай» мен «ECO BAZAR-да» жеңілдетілген несие беріледі

0
1 348

Бизнес бастайтын жеке кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік.


ТҮРКІСТАН: «Керуен Сарай» мен «ECO BAZAR-да» жеңілдетілген несие беріледі

«Керуен сарай» туристік кешенінде және «ECO BAZAR» сауда орталығында бизнес жүргізуге жеңілдетілген несие беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен, «YASSY BUSINESS» бағдарламасы аясында Түркістан қаласы «Керуен Сарай» туристік кешені және «ECO BAZAR» аумағында, сондай-ақ Түркістан қаласының өңдеуші өнеркәсіп, білім, туризм және денсаулық сақтау салаларында кәсіпкерлігін жүргізетін микро және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдетілген несие беру басталуда.


Несие туралы толығырақ мәліметтерді Ырыс МҚҰ-ның келесі мекен жайдан білуге болады: Түркістан қаласы, Тәуке хан даңғылы, №321 ғимарат.

Сымтетік: 8 (725 33) 4-22-73, 8 (725 33) 4-22-86.

Ұялы телефон: + 7 778 294 13 09.


Бұл – бизнес бастайтын жеке кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік. Қаржыландыруды келесідей максималды жеңілдетілген шарттармен беріледі:

- Жылдық өсімі 4%;

- Несиенің максималды соммасы 8000 АЕК артық емес, «Керуен Сарай» туристік кешені үшін 20 000 АЕК аспайды;

- Несие мерзімі инвестицияға 84 айға дейін, айналым қаражатын толықтыруға 36 айға дейін;

- Мақсатты топ – «Керуен Сарай» туристік кешенінде және «ECO BAZAR» сауда орталығы, сондай-ақ Түркістан қ. өңдеуші өнеркәсіп, білім, туризм және денсаулық сақтау салаларымен айналысатын кәсіпкерлер бизнес бастайтын кәсіпкерлер.


Айта кетейік, Түркістанда Орталық Азиядағы ең ірі «Керуен сарай» туристік кешені сәуір айында ашылды. Кешен Түркістанның тарихи орталығында орналасқан. Мұнда заманауи қонақ үйлер, мейрамханалар, фуд-корттар, сауда орталықтары мен базарлар жұмыс істейді.