Күмбірлеген күй үні мен жас сарбаздардың әскери биі сахна сәнін келтірді.
Түркістандағы туризм саласы мамандарын даярлайтын оқу ордасында фестиваль өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында "Халықтар достығы – бірліктің берекелі бесігі" студенттік фестивалі өтті. Іс-шарада қолөнер бұйымдары көрмесі ұйымдастырылып, түрлі этнос өкілдерінің ұлттық тағамдарынан дастарқан жайылды.
Жиынның ашылуында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов пен Туризм және меймандостық университетінің ректоры Майнюра Саветқызы құттықтау сөз сөйледі.
Сонымен қатар оқу ордасының үздік студенттері мен оқытушыларына, түрлі сала мамандарына университет ректорының алғыс хаты табысталды. Жиын барысы студенттердің мерекелік концертімен жалғасты. Әннен шашу шашылып, күмбірлеген күй үні мен жас сарбаздардың әскери биі сахна сәнін келтірді.