ТҮРКІСТАН: ХҚО-лар жұмыс істеп тұр

0
697

ХҚО ғимаратына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.


ТҮРКІСТАН: ХҚО-лар жұмыс істеп тұр

Түркістан облысында халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы халыққа қызмет көрсету орталықтары қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. Қазіргі таңда халықтың көбеюі байқалады. Соған қарамастан тұрғындар сабыр сақтап, кезек арқылы қызметтерге жүгінуде.


Сонымен бірге бүгіннен, яғни 12 қаңтардан бастап мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары да жұмысын қайта бастады. Ол дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Тұрғындар автокөлікке қатысты құжаттарды жұмыс кестесіне сай реттей алады.


Мамандандырылған ХҚО-лар қайта іске қосылған соң тұрғындар көптеп келеді деген болжам бар. Сондай-ақ автокөлікті «Kaspi» және «Halyk Homebank» банк қосымшалары арқылы қайта ресімдеуге болады.


Айта кетейік, мамандандырылған ХҚО ғимаратына кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты келушілер санитарлық қауіпсіздік ережелеріне бағынып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, бетперде тағуы керек.