ТҮРКІСТАН: «Kitap Тravel - 2023» жобасын Жетісай көші жалғастырды

0
981

Жетісай ауданы «Фараб» кітапханасының қорына 200 дана кітап сыйға тартты.


ТҮРКІСТАН: «Kitap Тravel - 2023» жобасын Жетісай көші жалғастырды

Түркістанда «Kitap Тravel - 2023» жобасы Жетісай көшімен жалғасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан төріне Жетісай ауданынан әдеби көш келді. «Kitap Travel - 2023» жобасы аясындағы «Шежірелі өлкеден – Рухани темірқазыққа» акциясы Жетісай аудандық кітапханасының кітап керуенімен жалғасты.


Мазмұнды жиынды Түркістан қаласы әйелдер алқасының төрайымы, ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева мен «Құрмет» орденінің иегері, тарих ғылымдарының кандидаты Баян Адырбекова ашып берді. Шара барысында «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова мен Жетісай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Асима Жүнісова сөз алып, кітапхана жұмыстарына, бүгінгі жобаның мақсаты мен маңызына тоқталып өтті. Сондай-ақ белгілі журналист, сазгер, профессор Бекжігіт Сердәлі сөз алып, жылы лебізін білдірді.


Жетісай ауданы «Фараб» кітапханасының қорына 200 дана кітап сыйға тартты. Сондай-ақ келушілер мен оқырманға арнайы жасақталған тақырыптық көрмелерін ұсынып, таныстырды. Әннен шашу шашылып, жыр оқылды. «Жер жұмағы Жетісайдан – рухани Түркістанға» атты мерекелік кеш Жетісай ауданынан шыққан жас ақын, «Жас жаным құштар ақ таңға», «Тағдырыма тәнтімін», «Өмірге ғашық жүректер» кітабынң авторы Ербек Бакиевпен «Туған жердің түлегі» атты шығармашылық кездесуге ұласты.


Облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жетісай ауданы әкімі Серік Мамытовтың алғыс хатымен марапатталды. Алғыс хатта аудан әкімі кітапхана саласының дамуы мен гүлденуіне тілектестік білдірген. Сонымен қатар шара соңында сөз алған Жанат Сәдібекқызы Жетісай ауданынан келген әріптестерге алғыс білдірді.