«Turkistan» КҚКО арқылы кәсіпкерлер 9,7 млрд. теңге қаржы алған

0
406

Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2 бөлім жұмыс істеп тұр.


«Turkistan» КҚКО арқылы кәсіпкерлер 9,7 млрд. теңге қаржы алған

«Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы 900-ге жуық жобаның құжаттамасын әзірлеуге атсалысқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Turkistan» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы былтыр мемлекеттік бағдарлама аясында 897 жобаның құжаттамасын әзірлеуге атсалысқан. Нәтижесінде жобалар тиісті мекемелерден 6,4 млрд. теңгеге қаржы алған. Сондай-ақ, «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 19 жобаның 3,3 млрд теңге қаржы алуына үлес қосқан. Жалпы, болашақ кәсіпкерлер орталық көмегімен өз кәсібін өркендетуге 9,7 млрд. теңгеге қаржыландырылды. Бұл туралы орталық басшысы Сапарәлі Құрбанов брифингте мәлімдеді.


Сонымен қатар, рұқсат құжаттарын алу бойынша қызмет көрсету бөлімі 1800-ден астам кәсіпкерге кеңес берген. Мәселен, жер мәселесі бойынша – 588, инфрақұрылым саласы бойынша – 203, сәулет және қала құрылысы бойынша – 82, басқада құжаттар бойынша – 949 қызмет көрсетілген.


Айта кетсек, аталған кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2 бөлім жұмыс істеп тұр. Олар – «Консалтинг және жобаларды сүйемелдеу» және «Рұқсат құжаттарын алу» бөлімдері деп аталады.