ТҮРКІСТАН: Көктемгі дала жұмыстарына дайындық талқыланды

0
587

Жалпы биылғы көктемгі егіс жұмыстары 873,6 мың гектар жерде жүргізіледі деп жоспарланып отыр.


ТҮРКІСТАН: Көктемгі дала жұмыстарына дайындық талқыланды

Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысы пысықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыс әкімі Дархан Сатыбалды дала жұмыстарын барлық ауданда күшейтіп, өңірде мақта-тоқыма кластерін дамытуға басымдық беріп, жұмысты жандандыру, шаруаларға берілетін көмектерді жылдам әрі жүйелі түрде үйлестіруді тапсырған болатын.


Соған сәйкес, облыс әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының төрағалығыммен тиісті мамандар және осы бағытқа жауапты аудан әкімдерінің орынбасарларымен кезекті селекторлық кеңес өтті. Онда биылғы көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы туралы Ауыл шаруашылығы басқармасы, қаржы институттары, “Тұран Су” және “ҚазСуШар” мекемесі өкілдерінің есебін тыңдалды.


Жалпы биылғы көктемгі егіс жұмыстары 873,6 мың гектар жерде жүргізіледі деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 335 мың гектар жерге егілсе, бұршақты дақыл 3,8 мың гектарға, майлы дақылдар 76,9 мың гектарға, техникалық дақылдар 105,3 мың гектарға, ал, көкөніс 44,9 мың гектарға егілмек.


Биыл шаруаларға берілетін мемлекеттік қолдау көлемі артты. Минералды тыңайтқыштарға 7 млрд. теңге бөлінді. Сондай-ақ басым дақылдардың өндірісін дамытуды субсидиялау бағдарламасына республикалық бюджеттен қосымша 5 млрд. теңге бөлу ұсынылды. Тұқым шаруашылығын қолдау бағдарламасына 600 млн. теңге облыстық бюджеттен қаралды. Ағын су жеткізу құнын субсидиялауға 150 млн. теңге бөлінді.


Биыл 22 мың тоннаға жуық жанармайға өтінім тапсырылған. Көктемгі дала жұмыстарына 2024 жылы 13,4 млрд. теңге көлемінде несие қаржысы жоспарланды. Бүгінгі күнге тауар өндірушілер 2,2 млрд. теңгеге қаржыландырылды.


Мамандардың баяндауынша, көктемгі дала жұмыстарына техникалар 95 % дайын. Биыл 1382 комбайн, трактор және қосымша құрал-жабдықтар сатып алынды. Облыста 24 мыңға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар.


Дегенмен, биыл да су мәселесі өзекті болғалы тұр. Су қоймаларда судың көлемі өткен жылмен салыстарғанда аз жиналған. Сондықтан өңірде әрбір шаруаға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, суды аз қажет ететін өнім түрлерін егуге басымдық берілмек.


Жиында жыл сайын көктемгі дала жұмыстары барысында туындайтын өзекті мәселелердің алдын алу, диқандарға қолайлы жағдай жасау, қолдау көрсету жөнінде тапсырмалар берілді