«АгроБизнес» бағдарламасы бойынша 124 шаруашылыққа 1 000 000 000 теңге бөлінді.
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстарына мемлекеттік қолдау көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен шаруаларға қажетті мемлекеттік қолдаулар уақтылы көрсетілуде, бұл мәселе қатаң бақылауға алынған.
Бүгінде «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-не 2024 жылы «Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру бойынша «Кең дала» бағдарламасы арқылы «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 2,8 млрд. теңге қаражат бөлінді. Ауыл шаруашылық субъектілері қаржыландырылуда.
«АгроБизнес» бағдарламасы бойынша 124 шаруашылыққа 1 000 000 000 теңге бөлінді. Ал көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын жүргізуге бөлінген 1 800 000 000 теңге арқылы 300 шаруашылық қаржыландырылды.
«Оңтүстік» АИО» ЖШС-не 2024 жылы көктемгі егін егу және жинау жұмыстарын қаржыландыру бойынша «Кең дала» бағдарламасымен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан 4 500 000 000 теңге мақұлданды. Бірінші транш арқылы 2 250 000 000 теңгеге 168 жоба қаржыландырылуда. Қазіргі таңда екінші траншқа өтінім берілген.