ТҮРКІСТАН: Коронавирус жұқтырған науқас туралы тың ақпарат шықты

0
1 249

Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған.


ТҮРКІСТАН: Коронавирус жұқтырған науқас туралы тың ақпарат шықты

Коронавирус жұқтырған азамат Түркістан облысы Жетісай ауданының тұрғыны болып шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мәліметке сай, 27 наурыздан бері қызуы көтеріліп ауырған. Ауруханаға 30 наурыз күні қаралған. Науқас 21 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласынан Павлодар-Қызылорда бағытындағы поезбен Қарағанды қаласына тоқтаған.

6 сағат вокзалда отырған ол, ары қарай Петропавл-Қызылорда бағытындағы пойызға 22 наурыз күні сағат 6.00-де отырып, 23 наурыз күні Шымкент қаласынан түскен.

Ары қарай жеке көлікпен Жетісай қаласына жолға шыққан. Әзірге анықталғаны науқаспен 16 адам қарым-қатынаста болған. 5 адам Нұр-Сұлтан қаласында байланыста болса, 11 адам Жетісай қаласының тұрғындары.

Дереккөз: Түркістан қаласы әкімдігі