ТҮРКІСТАН: Құқықтық ақпарат қолжетімділігі артты

0
812

Ақпараттық жүйелердің мүмкіндіктері көрсетілді.


ТҮРКІСТАН: Құқықтық ақпарат қолжетімділігі артты

Түркістан облысы әкім аппаратының «Ситуациялық орталығында» жиын өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Түркістан облысы бойынша басқармасымен ақпараттық жүйелердің қолжетімділігі жөнінде Түркістан облысы әкім аппаратының «Ситуациялық орталығында» презентация өткізілді. Оған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұлан Тәжібаев және жергілікті атқару органдарының басшылары қатысты.


Таныстыру барысында «Qamqor.gov.kz» сілтемесі арқылы Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізілімі, тексерулердің субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, е-Өтініш және т.б. ақпараттық жүйелерінің мүмкіндіктері көрсетілді.


Әрбір жергілікті атқару органдарының қызметкерлері Комитеттің ақпараттық жүйелерін пайдалану арқылы күнделікті жұмыс бабында қажетті құқықтық ақпаратармен танысуға болатындығы түсіндірілді.