ТҮРКІСТАН: Күре жолдағы кептелісті шешу шаралары жүріп жатыр

0
759

Газ құрылғысын басқа жерге жылжыту, жолдың бағытын жүргіншілер үшін ыңғайлы тарапқа ауыстыру басты мәселе.


ТҮРКІСТАН: Күре жолдағы кептелісті шешу шаралары жүріп жатыр

Келес ауданында күре жолға жалғайтын жол құрылысы жүріп жатыр, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданының орталығы Абай ауылынан өтетін Республикалық А-15 автожолында үлкен кептелістің орын алатыны облыс тұрғындарына мәлім. Сол мәселені шешу үшін көптеген шаралар іске асырылды. Бүгінгі таңда аталған мәселені шешу үшін Абай ауылының орталық Т.Рысқұлов көшесін Республикалық маңызы бар А-15 автожолына шығару жұмыстары жүріп жатыр.

Құрылыс басына барған аудан әкімі Ақментай Есбаев жол құрылысы бойынша келтіріліп жатқан кедергілер, атап айтқанда газ құрылғысын басқа жерге жылжыту, жолдың бағытын жүргіншілер үшін ыңғайлы тарапқа ауыстыру бойынша тиісті мамандарға тыңғылықты тапсырмалар берді.

Атап өтсек, жол құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, 3 ай көлемінде тапсырылуы тиіс. Жолдың ұзындығы 1 шақырым 220 метрді құрайды. Жол құрылысын жүргізіп жатқан мердігер "Іnternational Сonstruction Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.